ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ «ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІСІН ОРНАЛАСТЫРУ»

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ «ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІСІН ОРНАЛАСТЫРУ»

Инвестициялық жобаларды қарастыру және іске асыру қағидаларына сәйкес, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «Қоғамдық тамақтану объектісін орналастыру» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша конкурс жариялайды.

Инвестициялық жоба Нұра ауданы, Тұран даңғылы мекенжайында орналасқан № 2/16 жер учаскесінде қоғамдық тамақтану объектісін орналастыруды көздейді. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі – 21:335:068:1896, жалпы ауданы – 0,0402 га.

Жер учаскесін пайдалану мерзімі –2030 жылғы 10 қаңтарға дейін.

Схемасы осы жерде.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – стационарлық емес сауда объектісін орналастыру.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 3 тамыздан 7:30-нан бастап 12 тамыздың 17:00 аралығында (қоса алғанда) 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Негізгі өлшемшарттар:

  1. Жобаның экономикалық тиімділігі;
  2. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы, оның ішінде іргелес аумақты абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, шағын сәулет нысандарын орнату, аумақтың санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындар мен қала қонақтары үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде қоғамдық дәретханалар мен демалыс аймақтарын ұйымдастыру;
  3. Жаңа жұмыс орындарын құру;
  4. Жобаның Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына және қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкестігі;
  5. Жобаның Астана қаласының дизайн-коды талаптарына сәйкестігі;
  6. Қаржылық тұрақтылығы (қаржыландырудың 100% расталуы);
  7. Объектінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілерге мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі қосымшалар қолжетімді:

  • өтініш;
  • жоба бастамашысының сауалнамасы;
  • бизнес-жобаға сараптама жүргізу үшін жоба бастамашысы ұсынатын құжаттардың тізбесі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7172) 23-53-35 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Posted in Жаңалықтар on Aug 02, 2026