«ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІСІН ОРНАЛАСТЫРУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚАЙТА КОНКУРС

«ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОБЪЕКТІСІН ОРНАЛАСТЫРУ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ҚАЙТА КОНКУРС

Инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы Басқармасының 2026 жылғы 5 ақпандағы №7 хаттамасымен бекітілген «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының инвестициялық жобаларды қарау және іске асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, 21-баптың 21.2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұрын жарияланған конкурс 2026 жылғы 18 тамыздағы тұрақты жұмыс істейтін конкурстық комиссия отырысының хаттамасы негізінде өткізілмеді деп танылуына байланысты «Қоғамдық тамақтану объектісін орналастыру» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша конкурс қайта жарияланады.

Қайта конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 16 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін (қоса алғанда), ұзақтығы 10 (он) күнтізбелік күн.

Инвестициялық жоба Нұра ауданы, Тұран даңғылы мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 21:335:068:1896, ауданы 0,0402 га болатын №2/16 жер учаскесінде қоғамдық тамақтану объектісін орналастыруды көздейді.

Жер учаскесін пайдалану мерзімі — 2030 жылғы 10 қаңтарға дейін.

Жер учаскесін бөлу схемасы осында.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты — стационарлық емес сауда объектісін орналастыру.

Негізгі критерийлер осында, сондай-ақ төменде көрсетілген:

Жобаның экономикалық тиімділігі; Жобаның әлеуметтік маңыздылығы, оның ішінде іргелес аумақты абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, шағын сәулет нысандарын орнату, аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін қосымша қолайлылықтар, оның ішінде қоғамдық дәретханалар мен демалыс аймақтарын жасау. Жұмыс орындарын құру; Өтінім берілген күні және Жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде Инвестордың негізгі және (немесе) қосымша экономикалық қызмет түрінің (ЭҚЖЖ) мейрамханалар қызметі және азық-түлік жеткізу қызметтері саласына сәйкес келуі; Жобаның Астана қаласының дизайн-коды талаптарына сәйкес келуі; Қаржылық қабілеттілік (қаржыландырудың 100% расталуы); Объектінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілерге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі келесі қосымшалар қолжетімді:

• өтініш;

• жоба бастамашысының сауалнамасы;

• бизнес-жобаға сараптама жүргізу үшін жоба бастамашысы ұсынатын құжаттардың тізбесі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7172) 23-53-35.

Posted in Жаңалықтар on Sep 16, 2026