Қалалық қызметтер орталығын «Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ-ге беруге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы мен хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Astana» ӘКК» АҚ Орталықтың операторы болып табылмайды.
«Astana» ӘКК» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 2019 жылы Орталықты ашты. 3 жыл ішінде іQala-да 270 мыңнан астам қызмет көрсетілді. «Astana» ӘКК-нің www.iqala.kz порталында операторлық етуі кезінде 10 коммуналдық қызметтің 152 қызметі цифрландырылды.
2021 жылдың соңына дейін елордалық iQala елімізде бірегей орталық болып табылды. Бұл - Қазақстандағы бір фронт-кеңседе ірі коммуналдық сервистер қызметтерін біріктірген, сондай-ақ қызметтерді онлайн цифрландырған жалғыз жоба. Осы жылдан бастап iQala үлгісі бойынша ел өңірлерінде «коммуналдық ХҚКО-лар» ашыла бастады. «Astana» ӘКК» АҚ Орталыққа жүгінген елорданың әрбір тұрғыны мен қонағына алғыс білдіреді! 1 мамырдан бастап барлық мәселелер бойынша «Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» ММ-ге хабарласуларыңызды сұраймыз.
Айта кетейік, 1 мамыр күні сағат 00:00-ден бастап www.iqala.kz порталы жұмысын тоқтатты.