«Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру» жобасы бойынша өтініштер қабылдау басталды

«Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру» жобасы бойынша өтініштер қабылдау басталды

25.11.2020 жылы

«Astana» ӘКК» АҚ «Astana» ӘКК» АҚ-мен жер учаскілерін ұсыну Ережелеріне» сай «Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру» жобасы (бұдан әрі-Жоба) аясында жер учаскілерін алуға өтініштер қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Жобаға қатысу туралы өтініштер 2020 жылдың «25» қараша бастап тізбесінің 4-бағанында көрсетілген өткізу күнің 08 00 сағатқа дейін www.gosreestr.kz порталында қабылданады.

Сауда жеңімпазы қосалқы жалгерлік туралы келісім-шарт жасау мақсатында 5 (бес) жұмыс күні ішінде «Astana» ӘКК» АҚ төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

Жеке кәсіпкерлер үшін:

  1. жеке кәсіпкердің тіркелгенін растайтын құжат;
  2. жеке кәсіпкердің жеке куәлік көшірмесі;
  3. жеке кәсіпкердің есеп айырысу шоты бар туралы банк анықтамасы;
  4. өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  5. 50 АЕК көлемінде кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем құжаты.

Заңды тұлғалар үшін:

  1. заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  2. бірінші басшыны тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;
  3. заңды тұлғаның бірінші басшысына жасалған бұйрықтың көшірмесі;
  4. өкілдің өкілеттігін және жеке басын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  5. заңды тұлғаның ағымдағы есеп айырысу шоты бар туралы банк анықтамасы;
  6. 50 АЕК көлемінде кепілдік жарнаның аударылғанын растайтын төлем құжаты.

Мүлікті жалға беру электронды сауданы өткізу Регаламентімен мемлекеттік мүлік реестірінің веб-порталында төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://e-auction.gosreestr.kz/p/ru/auction-infos/ea-reglament/Files/%D0%9F%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB%D0%B0-%D0%A1%D0%9F%D0%9A.htm

Конкурс өткізу бойынша және өтініш қабылдау бойынша «Astana» ӘКК» АҚ хабарласыңыз: тел. 8(7172) 61-35-54, мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарка ауданы, Ә. Мамбетов көшесі, 24., каб: 503 (қызмет көрсету уақыты сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін)

Электронды порталдың техникалық қолдау телефондары: 55-29-81 (ішкі нөмір: 110, 112, 119).

Жер учаскелерінің тізбесі

Posted in Жаңалықтар on Nov 25, 2020