Сіздердің назарларыңызға коммерциялық қызметті жүзеге асыруға арналған екі нысан ұсынылады. Солардың бірі – таза әрлеудегі дайын нысан. Орналасқан мекенжайы: Нұра ауданы, Айтматов көшесі, 33-үй. Бастапқы баға – 110 364 317 теңге. Алаңы – 162,6 ш.м.
Екінші нысан: Нұра ауданы, Омаров көшесі, 19/1-үй. Ол қара күйінде ұсынылған, ауданы – 120 ш.м.
Аукционға қатысуға өтініштерді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz 2025 жылғы 16 шілде сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 1 тамыз сағат 08:00-ге дейін беруге болады. Аукцион 2025 жылғы 1 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді.
Бұл екінші аукцион болып табылады және бағаны көтеру әдісімен өтеді. Активтерді 2 жылға дейін бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік беріледі, төлем ай сайын жүргізілуі қажет. Бастапқы жарна көлемі актив құнының кемінде 50%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз – ең жоғары баға ұсынған қатысушы.
АО «СПК «Astana»-ға конкурс өткізу және өтініш беру мәселелері бойынша хабарласу үшін:
Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.