16 желтоқсанда елорданың Пригородный шағын ауданында жыл бойы жұмыс жасайтын алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі техникалық режимде ашылады. Ауданы 7000 ш.м. сауда орталығында 150 кәсіпкер коммерциялық қызмет жүргізе алады. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтық бағадан төмен болады.
Қазіргі күнде бұл жәрменке жыл бойы өткізілетін форматтағы алғашқы жәрменке. Мұнда ет, жемістер, көкөністер, сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, бакалея, жарма және нан-тоқаш өнімдері сатылатын болады. Жергілікті өндіріс өнімдерінен бөлек, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының ауыл шаруашылықтарының өнімдері ұсынылады. Сауда орталығының жұмысы елордаға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, төмен бағалардың кепілі болады және жұмыс орындарын ашады.
Бұл жәрменкеге қатысу кәсіпкерлер үшін де тиімді. Сауда орталығы жұмысының алғашқы үш айында орындар тегін беріледі деп жоспарлануда. Одан әрі жалдау ақысы жеңілдікті тариф бойынша алынып, тек коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды жабу үшін ғана бағытталатын болады.
Әуежай жағында тұрақты жұмыс істейтін жәрменкесі бар сауда орталығының ашылуы BIG Шанхай сауда орталығының жанында пайда болатын жол трафигін жеңілдетуге көмектеседі. Пригородный шағын ауданындағы СО 50 000-ға жуық тұрғындарды қамтиды. Олардың арасында халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері де бар.
Айта кетейік, жыл бойы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін сауда орталығы «Пригородный» тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109 ғимарат (әуежай жағында) орналасқан. Азық-түлік тауарларын жәрмеңке арқылы өткізуге мүдделі кәсіпкерлерге 8 7172 61 35 54 нөмірі бойынша хабарласу қажет.