Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті басқармасы кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру бойынша өтінімдер қабылдауды бастайды

Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті басқармасы кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру бойынша өтінімдер қабылдауды бастайды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру ережесіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру бойынша өтінімдер қабылданады.

Кәсіпкерлік субъектісін қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемдерге) сәйкес комиссия айқындайды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (өлшемшарттар):

1) Қойма ғимараттары мен арнайы жабдықтары бар басқа үй-жайлардан тұратын, азық-түлік өнімдерін тиісті түрде сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және басқа да операцияларды жүргізуге арналған және ӘМАТ бағасының өсуін тежеуге бағытталған шаралар кешенін жасауға мүмкіндік беретін, сауда-логистикалық инфрақұрылымға иелік ететін немесе жалдайтын кәсіпкерлік субъектісі;

2) өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлік субъектісі банкроттыққа ұшырамауы, қызметін тоқтата тұруы болмауы керек;

3) өтінішті қарау кезінде кәсіпкерлік субъектісі өнім берушілердің жосықсыз ұйымдарының тізімінде болмауы керек.

Комиссия қарыз беру туралы мәселені қарау үшін кәсіпкерлік субъектісі мынадай ақпаратты енгізеді: 1) қарыз сомасы, сонымен қатар шығын бойынша қажетті есеп көрсетілген өтінім, азық-түлік тауарларының, қарызды қайтару мерзімі көрсетілген ұсынылатын тізбесі;

2) кредиторлық және дебиторлық берешекті, негізгі құралдардың тізбесін ашып көрсету арқылы өткен қаржы жылының қаржылық есебі;

3) кәсіпкерлік субъектісі Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

5) бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

6) бірінші басшыны қоспағанда, мүдделерді білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына сенімхат;

7) кепілге берілетін мүлік объектілеріне мүлікті бағалау туралы есептер;

8) салық және бюджетке міндетті төлемдер, жалақы бойынша берешек және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы туралы мәліметтер.

Толығырақ ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан 55-14-78 телефондары арқылы алуға болады.

Posted in Жаңалықтар on Aug 25, 2020