⠀ Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

⠀ Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай, ағымдағы жылдың тамыз айының 27-29 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге 71 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнімдері 40 бірлік жүк көлігімен жеткізілді.

Жәрмеңкеде құны 478 млн теңгені құрайтын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері 15-20%-ға төмен бағада Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.

Жәрмеңкеге шығарылған өнімдер:

Ет және ет өнімдері – 113,5 т, көкөніс- 165,5 т, картоп –23 т, сүт өнімдері – 72 т,бақша өнімдері- 69 т, жеміс-жидек – 34 т, бал – 8,0 т, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер -31 т, балық - 11 т, жұмыртқа - 20 мың дана., нан өнімдері - 2 т.

Posted in Жаңалықтар on Aug 31, 2022