Бүгін, 14 қазанда, елордада «Көше саудасы – 1000 орын» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды және бұл шара 30 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрованың айтуынша, бағдарлама шеңберінде 100 жер учаскесі жүзеге асырылады, оның 80-і www.gosreestr.kz сайтында орналастырылған болса, 20-ын Астана Innovations сайтынан табуға болады. Бұл жер телімдерінде жылжымалы тамақтану орнын, кофехана, нан-тоқаш өнімдері, балмұздақ, жеміс-жидектер, газеттер, гүл дүңгіршегі, кәдесый дүкендерін және т.б ашуға болады.
«2017 жылдан бері жүргізілген конкурстар нәтижесі бойынша «Astana» ӘКК» АҚ кәсіпкерлерімен 557 жер телімі бойынша субаренда келісімін жасады. Бағдарлама 1500-ден астам жұмыс орнын ашты. Жеке инвестициялардың сомасы шашамен 1,1 млрд теңгені құрады», – деді Малика Бектұрова.
Бағдарлама туралы толығырақ мына мекенжай бойынша білуге болады: ул. Ә. Мәмбетов, 24, 6-қабат, 602-кеңсе, телефоны: 8 (7172) 61 35 54.