Нұр-Сұлтан қаласында 9-10 шілде күндері апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында 9-10 шілде күндері апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Елордада дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Елді мекендерден жеткізілген өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен саудаланды. Жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік өндірушілердің өкілдері ұсынған ет, сүт пен көкөніс өнімдері саудаланған шараға келушілер қатары көп болды.

Демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Тұрғындар апта сайын өткізілетін шарада тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар.

Жәрмеңкеге қатысқан ауылшаруашылығы құрылымдары өкілдерінің айтуынша, мұндай шараларды өткізу – тауар өндірушіге де, тұтынушыға да өте тиімді. Ең алдымен, өзімізде өндірілген отандық әрі сапалы өнімді өткізудің ұтымды жолы.

Жәрмеңке апта сайын сенбі және жексенбі күндері «Астана-Арена» стадионының көлік тұрағы аймағында, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейінгі уақытта өтеді.

Posted in Жаңалықтар on Jul 10, 2022