Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпкерлер мен өңірлік тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылды.
Ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне елордаға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі жәрмеңкелерге бірінші жыл қатысып отырған жоқ.
Жәрмеңкенің басты артықшылығы – бағаның төмендігі. Азық-түлік нарықтық құннан төмен саудаланады. Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатып, табыс тапса, тұрғындар қажеттісін сатып алды.
Бұдан бөлек, тауарлардың кең ассортименті ұсынылуда, соның ішінде: сиыр, жылқы және құс еті, сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидек, тауық жұмыртқасы, балық, қант, бал, т.б. өнімдер бар.
Әр апта сайын ұйымдастырылатын ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрғындардың көңілінен шығады. Ол біріншіден отандық тауарлардың халыққа жол тартуына, екіншіден шаруалардың да кәсібінің дөңгелеуіне серпін береді.