Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы арқылы пәтерлерді сатуға өтінім қабылдау басталды

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы арқылы пәтерлерді сатуға өтінім қабылдау басталды

Astana» ӘКК» АҚ Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) компания меншігіндегі пәтерлерді сатуға арналған электронды сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдер 2024 жылғы 23 қазаннан 2024 жылғы 12 қарашаға дейін қабылданады. Аукцион 2024 жылғы 12 қарашада сағат 10:00-де өтеді.

Астана қаласының Нұра ауданындағы түрлі тұрғын үй кешендерінде орналасқан пәтерлер сатылымға қойылады. Пәтерлердің толық тізімі, сипаттамалары және бастапқы бағалары Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген. «Astana» ӘКК» АҚ қатысушыларға пәтерлерді екі жылға дейін ай сайынғы төлем шартымен сатып алу мүмкіндігін ұсынады, бастапқы жарна пәтер құнының 50%-ынан кем болмауы керек.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: Тел.: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75 Эл. пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Oct 23, 2024