Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы QazSwimAcademy спорт орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы QazSwimAcademy спорт орталығына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды, деп хабарлайды Қазақстан Президентінің Баспасөз қызметі.

Орталық директорының айтуынша, бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса, екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.

Президент жас спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты. – Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда, сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Posted in Жаңалықтар on Jan 06, 2025