ӘМАТ бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы

ӘМАТ бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы

РИЗА МУСЛИМОВА, "Astana" ӘКК" АҚ (Қоғам) Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директоры кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы айтып берді:

Picsart_24-04-01_17-51-59-852.jpg

Бүгін біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жеңілдетілген қарыз беру рәсімі туралы айтып береміз.

Бұл іс-шаралар 6 кезеңге бөлінеді:

1 кезең - Өтінімді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына жолдау. Өтінімге қажетті құжаттар топтамасы қоса беріледі, олардың тізбесін Қоғам айқындайды;

2 кезең - УИРП кәсіпкерлік субъектісіне қаржылық көрсеткіштердің сенімділігі тұрғысынан талдау жүргізу үшін "Astana" ӘКК" АҚ-ға өтінім жолдайды;

3 кезең - "Astana" ӘКК" АҚ қорытындысын Астана қаласы әкімдігі жанындағы Комиссияның қарауына жолдау;

4 кезең - Астана қаласы әкімдігі жанындағы комиссияның (Комиссияның): қарыз беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы;

5 кезең - Комиссияның оң шешімі болған кезде қарыз шартын жасасу. Қоғам қарыз шартын жасасу бойынша корпоративтік рәсімдерді жүргізеді. Содан кейін кәсіпкерлік субъектісі жылжымалы / жылжымайтын мүлік / үшінші тұлғалардың кепілдігі / банк кепілдігі түрінде қамтамасыз етуді ұсынады;

6 кезең - Кәсіпкерлік субъектісіне ақша аудару.

Осы шартты іске асыру барысында Қоғам сауда желілерінде мониторинг жүргізу арқылы қарыз алушының шарттық міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі 55-25-04 телефоны бойынша жүгіне алады.

Posted in Жаңалықтар on Apr 01, 2024