ӘМАТ бағасын ұстап тұру жөніндегі Мәслихат кеңесі

ӘМАТ бағасын ұстап тұру жөніндегі Мәслихат кеңесі

«Astana ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Мәслихат отырысында ӘКК өкілеттігі аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Баяндамада айтылған негізгі мәселелер:

• Өткен аптада (19-26 шілде аралығында) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ӘМАТ баға индексі 100,3% - ды немесе 20 өңір арасында 4-орынды құрады.

• Өткен аптада күріш, сиыр еті, картоп, пияз, қант бағасының өсуі байқалды.

• Негізгі себептер: қорлардың азаюы, тауар өндірушілердің бағасының өсуі, әлі піспеген өнім.

• Кәсіпкерлік субъектілеріне азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру үшін қарыз беру қатаң түрде қарыз сомасы, бағаны тұрақтандыру кезеңі, қарыз мерзімі көрсетілетін қала әкімдігі жанындағы Комиссияның қабылдаған шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында ӘМАТ баға индексі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 119,3% - ды немесе 20 өңір арасында 4-орынды құрады.

Қолданыстағы шарттар бойынша тауарларды сату қаланың 110-нан астам сауда объектілерінде жүзеге асырылады: Магнум (60 бірл), Астықжан (2 бірл), Анвар (3 бірл), СҮ Ақмол (4 бірл), ВкусМарт (8 бірл), Аян (3 бірл), Азат (1 бірл), Фермаг (1 бірл)), Шапағат базары (1 бірлік), СҮ Евразия (1 бірлік), СҮ Гульжан (1 бірлік) және т.б. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін (19 атау) 12,8 млрд.теңге сомасына 31 қарыз берілді, оның ішінде 5 қарыз толық көлемде өтелді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігін іске асыру өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

• Тауарлардың түрі 8-ден 19-ға дейін кеңейтілді;

• Нарықты қамту 6-дан 110 сауда нүктесіне дейін артты;

• Тауарларды сатып алу көлемі 12 мың тоннадан 43 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

«Тұрақты негізде біз қала әкімдігімен бірлесіп сауда объектілеріне, тауар өндірушілерге жеңілдікті қарыз беру, сауда орындарын ұсыну бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.
Жасалған қарыз шарттары шеңберінде бағаларды бақылауға қатысты ӘКК әкімдікпен бірлесіп апта сайын сөрелерде өнімнің болуы және белгіленген бағалардың сәйкестігі мәніне бағаларға мониторинг жүргізеді»,- деді өз баяндамасында «Astana» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Е. А. Әлімқұлов.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында мәселелер талқыланып, бірнеше ұсыныстар жасалынды.

Posted in Жаңалықтар on Aug 11, 2022