2020-2021 жылдары тұрақтандыру қоры «айналым тетігі» бойынша 24 қарыз берді. Оның ішінде 8 қарыз наубайханаларға жеткізілетін ұнның бағасын және «әлеуметтік нанның» бағасын тұрақтандыруға бағытталған.
1-ші сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы елорданың барлық ірі супермаркеттерінде тұрақтанды. Бұл қала бойынша 100-ден астам сауда нүктесі. Магнум, Аян, Анвар, Small, Азат, Шапағат барлық филиалдарында нан 85 теңгеден, ал "Вкусмарт" дүкенінің желілерінде 90 теңгеден сатылады.
Бүгінгі таңда ӘКК жанындағы тұрақтандыру қоры өнім көлемін және бағаны тұрақтандыру кезеңін ұлғайту үшін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізуде.
Айта кетейік, елордада барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақтандырылған.