Корпорация Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 68-үй мекенжайында орналасқан тұрғын емес ғимарат пен пәтерлерді сату бойынша өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.
Ғимараттың ауданы – 188,7 ш.м., бастапқы құны – 189 058 621 теңге. Қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2025 жылғы 08 тамыз сағат 08:00-ден 2025 жылғы 22 тамыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 22 тамызда сағат 10:00-де өтеді.
Пәтерлердің сипаттамасымен және олардың бағаларымен мына жерден танысуға болады. Пәтерлерді сатып алу бойынша қатысуға өтінімдерді 2025 жылғы 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін беруге болады. Аукцион өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін екі сағаттан соң өтеді.
Байқауды өткізу және өтінімдерді беру мәселелері бойынша «SPK «Astana» АҚ-ның байланыс деректері
Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75; мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет электрондық пошта: info@astana-spk.kz.