Коммерциялық қызметке арналған үй-жайлар мен бизнес-класс санатындағы пәтерлерді 31 шілдеде сатып алуға болады

Коммерциялық қызметке арналған үй-жайлар мен бизнес-класс санатындағы пәтерлерді 31 шілдеде сатып алуға болады

Пәтерлер «Four Seasons» тұрғын үй кешенінде орналасқан, мекенжайы: Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 39А үй. Бастапқы бағасы – 32 295 583 теңге. Бұл лоттар бойынша аукцион 100% төлем шартымен бағаны көтеру әдісімен өтеді.

Тұрғын емес үй-жайлар «Saratan» және «Copenhagen» тұрғын үй кешендерінде орналасқан. Бастапқы бағасы – 63 942 807 теңге. Бұл екінші кезеңдегі аукцион болады, онда сауда белгіленген кестеге сәйкес ай сайын төлеу шартымен 2 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігімен бағаны көтеру түрінде өтеді. Бұл ретте бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 50%-ын құрауы тиіс. Жеңімпаз – активтің ең жоғары бағасын ұсынған қатысушы болып танылады.

Аукционға қатысуға өтінімдер www.gosreestr мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында 2025 жылғы 15 шілде сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 31 шілде сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 31 шілдеде сағат 10:00-де өтеді.

АО «СПК «Astana» конкурсты өткізу және өтініштерді беру мәселелері бойынша байланыс деректері Телефон: 8(7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.

Posted in Жаңалықтар on Jul 15, 2025