"Аstana" ӘКК" АҚ тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалға (арендаға) беру бойынша өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы (www.gosreestr.kz) қабылданады. Бағаны көтеру әдісімен тендерге қойылған тұрғын емес үй-жайлардың тізімімен портал арқылы немесе осы жерден танысуға болады.
Назар аударыңыз!
Кәсіпкерге берілетін үш айлық жеңілдік кезеңі жалға алу шартына қол қойылған күннен бастап есептеледі. Тұрғын емес үй-жайлардың мақсатты пайдаланылуы – коммерциялық қызметті жүзеге асыру. Коммуналдық қызмет шығындарын толықтай жалға алушы өз есебінен төлейді. Жалға беру мерзімі – 5 жыл.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 17 сәуір сағат 08:00-ден бастап 2025 жылғы 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін. Тендер өткізу күні: 6 мамыр 2025 жыл, сағат 11:00-де.
"Astana" ӘКК" АҚ байланыс деректері (өтінім беру және конкурс мәселелері бойынша)
Телефон: 8(7172) 55-25-05, +7 (702) 244 33 75; Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет; Электрондық пошта: info@astana-spk.kz.
Электрондық порталдың техникалық қолдауы
Телефон: 55-29-81 (ішкі: 110, 112, 119) Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30
Ескерту: сауда-саттықтың мәні – ай сайынғы жалдау ақысының мөлшерін анықтау. Кепілдік жарна сомасы ай сайынғы төлемдерге есептеледі.
2025 жылғы 24 сәуір күні сағат 10:00-де Бейбітшілік көшесі, 9-үй мекенжайында жоғарыда көрсетілген үй-жайлар мен пәтерлер бойынша орынды аралау жүргізіледі.