КҮЛТЕГІН КӨШЕСІ, 4 МЕКЕНЖАЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТҰРҒЫН ЕМЕС ҮЙ-ЖАЙЛАР ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

КҮЛТЕГІН КӨШЕСІ, 4 МЕКЕНЖАЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТҰРҒЫН ЕМЕС ҮЙ-ЖАЙЛАР ОНЛАЙН АУКЦИОНҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

«Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (www.gosreestr.kz) арқылы бағаны көтеру әдісімен өткізілетін электрондық аукционға қойылған коммерциялық үй-жайларды сату бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Нысандардың толық тізімі мен сипаттамаларын осы сілтеме арқылы көруге болады.

Аукционға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 5 мамыр сағат 08:00-ден бастап, 2025 жылғы 23 мамыр сағат 08:00-ге дейін www.gosreestr веб-порталында қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 23 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді. Сауда бағаны көтеру тәсілімен 100% алдын ала төлеу шартымен өткізіледі.

Конкурс өткізу және өтінімдерді беру мәселелері бойынша «SPK Astana» АҚ-ның байланыс деректері: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, +7 (702) 244 33 75 Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 2-қабат, 241-кабинет Электрондық пошта: info@astana-spk.kz

Posted in Жаңалықтар on May 06, 2025