Үкімет азық-түлік бағасын өсірмеу үшін 118 млрд теңге бөлген: оның пайдасы болды ма - Azattyq Ruhy

Үкімет азық-түлік бағасын өсірмеу үшін 118 млрд теңге бөлген: оның пайдасы болды ма - Azattyq Ruhy

Жаз басталысымен картоп, сәбіз, пияз сияқты өнімдердің бағасы шарықтап шыға келеді. Елдегі азық-түліктің 19 түріне бағаны тұрақтандырып отыру үшін әрбір облыста әкімдік жанынан баға тұрақтандыратын қорлар жұмыс істейді. Бұл қорларға жергілікті бюжеттен 118 млрд теңге қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен бөлінеді. Қазір жалпы алғанда республика бойынша жергілікті бюжетте осы мақсатқа 118 млрд теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға 30,5 млрд теңге және «айналым схемасына» яғни, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруге 88,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат елдегі азық-түлік инфляциясын ауыздықтауға жұмсалуы тиіс.

Үкіметтің қаулысына сәйкес 2012 жылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін 16 облысқа - 12 601 113 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен қаржы бөлінген еді. Бұдан басқа, 2022 жылы жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарына 4 000 000 теңге сомасында, сондай-ақ 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен қосымша Алматы облысының әкімдігіне 1 000 000 теңге сомасында өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға қаражат бөлінді. Бұл сома дүкен сөрелеріндегі барлық азық-түлік түрлерін емес, халық жиі тұтынады-ау деген 19 тауар түрінінің бағасын бақылап отыруға ғана арналған.

Тауар дефицит болған кезде баға қымбаттайды

Үкімет халық жиі тұтынатын 19 тауар түріне бағаның шекті межесін белгілеу арқылы халық арасында дүрбелең туғызбаудың қамын жасап отыр. Бірақ нарық заңдылығына сәйкес баға тауардың өзіндік құнына қарай белгіленеді. Бұл ретте азық-түлік қорларды 19 тауардың бағасын былтырғы жылғыдай етіп сатқызуға дәрменсіз. «Astana» ӘКК АҚ Азық-түлік департаменті директорының орынбасары Аңсар Амангелдиновтың айтуынша, негізі тауар бағасы өзіндік құнына байланысты болады.

«Мысалы, картоптың өзіндік құны осы биыл қымбат болса, сол маусымда сәйкесінше баға қымбат болады. Қордан қаражат алып отырған кәсіпкерлер өнімді бекітілген шекті бағадан ары өсірмейді. Ондай жағдайда айыппұл төлеуге міндетті. Баға неге қымбаттайды? Біріншіден, нарықта дефицит туындауы және сұраныстың шамадан тыс артуы әсер етеді», - дейді ол.

Толығырақ оқу

Posted in Жаңалықтар, БАҚ біз туралы on Aug 12, 2024