Home Жаңалықтар Магнумда тұрақтандыру қорының өнімдерін қалай табуға болады?
Магнумда тұрақтандыру қорының өнімдерін қалай табуға болады?

Магнумда тұрақтандыру қорының өнімдерін қалай табуға болады?

Елордалық тұрақтандыру қоры Магнум супермаркеттерінің желілерінде жеңілдетілген несиелер бойынша сатылатын азық-түлік тауарларын қалай табуға болатындығын айтты.

Магнум супермаркеттеріне ӘМАТ-тан 15 тауардың бағасын тұрақтандыруға қарыздар берілді. Қарыздар бойынша тауарлар желінің барлық дүкендерінде сатылады. Нұр-Сұлтанда желілердің саны – 33

"Жеңілдікті қарыздар бойынша бағалар тежелетін тауарлар үлкен сұранысқа ие. Мұндай өнімдерді сөрелерден оңай табу үшін олар "тұрақтандыру қоры"жапсырмаларымен белгіленеді. Сондай-ақ, тауарлар штрихкоды бар мониторлар арқылы тексеріледі. Жеңілдікті қарыз бойынша сатылатын тауарды сканерлеген кезде, өнім атауынан басқа "СТАБ" жолы шығады", – деді азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Арстан Арсланбаев.

Еске сала кетейік, бүгін елордада жеңілдетілген 11 қарыз бар. Олар ӘМАТ өнімдерінің бағасын ұстап тұруға көмектеседі және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Magnum супермаркеттер желісінен басқа ӘМАТ өнімдері нарықтық бағадан төмен бағамен "Small", Aqmol, "Арай" СҮ, "Сарыарқа" СҮ, Кенмарт, Шапағат, Вкусмарт, Астықжан дүкендерінде сатылады.

Posted in Жаңалықтар on Aug 16, 2021