IQALA ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАҢА МЕКЕНЖАЙЛАР БОЙЫНША АЛУҒА БОЛАДЫ

IQALA ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖАҢА МЕКЕНЖАЙЛАР БОЙЫНША АЛУҒА БОЛАДЫ

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін енді iQala қызметтерін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның Бөгенбай батыр көшесі, 24/1; Сығанақ көшесі, 25 («Аңсар» БО, 1 қабат) мекенжайлырында орналасқан фронт-кеңселерінен алуға болады.

Орталықтың міндеті «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алу үдерісін барынша жеңілдету болып табылады. Бұл дегеніміз, инстанциялар арасындағы жүру бағытын межелі бір нүктеге дейін азайту, ал қызмет алу барысын едәуір ыңғайлы ету.

Қала тұрғындарына құжаттарға мөр бастыру үшін көптеген мекемелерге жүгірудің қажеті жоқ. Ол үшін Iqala орталығының Қошқарбаев даңғылы 29 немесе жоғарыда көрсетілген мекенжайлардағы фронт-кеңселерге жүгіну жеткілікті.

Естеріңізге сала кетейік, iQala – «бір терезе» қағидаты бойынша әкімдік басқармаларының, коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттарының қызметтерін біріктіретін тұрғындар мен қала биліктерінің өзара іс-қимылының жаңа форматы.

Posted in Жаңалықтар on Jul 04, 2020