IQala қызметтерін алу жөніндегі нұсқаулықтары бар Telegram-бот құрылды

IQala қызметтерін алу жөніндегі нұсқаулықтары бар Telegram-бот құрылды

IQala қалалық қызметтер орталығы ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты ең көп талап етілетін қызметтер бойынша нұсқаулықтарды ұсыну үшін «IQalakz» Telegram-ботын құрды.

Орталық «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «Clean city NC» ЖШС, «SPK Astana Development» ЖШС, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ және т.б. ұйымдардың 131қалалық қызметтерін ұсынады.

Елорда тұрғындары www.iqala.kz порталы арқылы қызметтерді онлайн режимінде ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, iQala қалалық қызмет көрсету орталығы жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайы бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ орталық операторлары «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 25 және Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1 мекенжайындағы фронт-кеңселерде қызмет көрсетеді.

Posted in Жаңалықтар on Aug 06, 2020