IQALA ТКШ саласында 2 мыңнан аса қызмет түрі көрсетілді

IQALA ТКШ саласында 2 мыңнан аса қызмет түрі көрсетілді

Қалалық қызметтер орталығы iQala ТКШ саласында 89 қызмет түрін көрсетеді. Бұл жерде «Астана су арнасы» МКК, «Астана-ЕРЦ» ЖШС, «Астанинская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС, «Clean City NC» ЖШС, «Астана - Теплотранзит» АҚ, «Астана – РЭК» АҚ, «SPK Astana Development» ЖШС сынды компаниялардың қызметтері ұсынылған. Электрмен, жылумен және сумен жабдықтау, тұрмыстық қоқыс қалдықтарын шығару бойынша келісімшарт жасау Қошқарбаев көшесі 29 мекен-жайында орналасқан iQala қалалық қызметтер орталығының фронт-кеңселерінде қол жетімді. Сонымен қатар онлайн режимінде www.iqala.kz порталы арқылы қызмет түрлерін қолдануға болады.
iQala орталығының жұмыс тобы қызметтердің автоматтандырылуын және порталды қолдану санының артуын күнделікті жіті қадағалайды. Жақында деректер қорын интеграциялау арқасында «Біріңғай есептеу орталығының түбіртекті қайта беру» қызметі сәтті жүзеге асты. Бұл қызмет толығымен автоматтандырылған – түбіртек жеке кабинеттен сұрау салу бойынша тұтынушыға тез келеді. Жақын уақытта «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ қызметтері және «Астана су арнасы» МКК техникалық талаптарын алу қызметі жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, қазірдің өзінде «Астана - Теплотранзит» АҚ, «Астана – РЭК» АҚ техникалық талаптарын автоматты режимде порталдан немес фронт-кеңселерден алуларыңызға болады.

Posted in Жаңалықтар on Jan 13, 2020