Елорда тұрғындары арасында iQala орталығының қызметтеріне сұраныс тез өсуде. 2021 жылдың басынан бастап 5 ай ішінде Орталық қызметкерлері 50 мыңнан астам қызмет көрсетті.
iQala қалалық қызмет көрсету орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтер көрсетеді. Қызметтер оффлайн режимінде Орталықтың офисінде, сонымен қатар www.iqala.kz сайты арқылы онлайн режимінде ұсынылады.
Сервисті цифрландырудың арқасында қызметтерді портал арқылы алу танымалдылығы күшейіп келеді. Орталықтың порталы арқылы коммуналдық қызмет түрлеріне күніне 150-ге жуық сұраныс жіберіледі. Сайт арқылы келіп түсетін ең танымал сұраныстар: электрмен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, сумен жабдықтауға және / немесе су тартуға келісімшарттарға отыру.
Қала тұрғындары www.iqala.kz порталы арқылы тәулік бойы, аптаның кез келген күнінде қажетті қызметтерге жүгіне алады. Ол үшін порталға ЭСҚ арқылы тіркеліп, қажетті ұйымды таңдап, содан кейін қажетті қызметті көрсету жеткілікті. Сұраныстарды өңдеу шарттары реттелінген, сондықтан 3-5 жұмыс күні ішінде жауап дайын болады. Клиентке жауабының дайындығы туралы SMS хабарлама жіберіледі.
Қызметтерді алу үшін астаналықтар «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-офиске жүгіне алады. Ол дегеніміз енді елорда тұрғындары мен кәсіпкерлері қызмет алу үшін әр қалалық коммуналдық қызметке бөлек баруларының қажеті жоқ деген сөз. Енді барлық қалалық коммуналдық қызметтермен келісім жасау үшін фронт-офистегі «бір терезеге» бару жеткілікті.
Орталық электронды кезек жүйесімен жабдықталған, «ашық» қызмет залы жұмыстың ашықтығы мен тиімділігіне мүмкіндік береді. Фронт-офиске жүгінгендерге ыңғайлы болу үшін, өзіне-өзі қызмет көрсету атқарымы қосылған. Бұл атқарым алу кезінде Орталықтың операторлары өз көмегін ұсынады. Сондай-ақ, азаматтар iqala.kz онлайн-чат қызметін пайдалана алады.
Орталық халықпен жұмыс жасауда маңызды принциптерді ұстанады. Ол – сыпайылық, тиімділік және объективтілік.
Қазірде елорда тұрғындарының тұрғын үй-коммуналдық сектордағы ұйымдардан 152 қызмет түрін алуға мүмкіндіктері бар. Орталықтың болашақтағы жоспарлары - монополистердің барлық қызметтерін цифрландыру, цифрландырылған қызметтер тізбесін кеңейту, қызмет көрсету бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру және қала тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
Естеріңізге сала кетейік, iQala қалалық қызмет көрсету орталығы елорда әкімдігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында құрылды. Орталықтың қызметін «Астана» ӘКК» АҚ жүзеге асырады. iQala қалалық қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы қосымша ақпаратты Instagram, Facebook-тегі ресми iqala_smartсity парақшаларынан, www.iqala.kz порталынан немесе Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің бірыңғай iKomek 109 байланыс орталығының нөмірінен алуға болады.