Осы аптаның соңына дейін iQala қалалық қызметтер орталығында 26 жаңа қызмет түрі www.iqala.kz порталындағы онлайн режимінде, сондай-ақ офлайн форматында қолжетімді болады.
Енді iQala Орталығында «Астанаэнергосбыт» АҚ қызметтерінің 18 түрі, «Астана-Теплотранзит» АҚ қызметтерінің 4 түрі, «Астана-РЭК» АҚ қызметтерінің 2 түрі және «Қазақтелеком» АҚ қызметтерінің 2 түрі ұсынылады. Осы қызмет түрлерінің барлығы алғаш рет сандық нұсқаға көшірілгендігін айта кету керек, демек қызметтер жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де электрондық түрде ұсынылады.
Мысалы, енді iQala-да электрмен жабдықтау шартына немесе қуатты ұлғайту/азайту шартына қосымша келісім жасауға, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі шартты бұзуға, интернет пен телефонияға компанияны немесе кәсіпорынды қосуға және т. б. мүмкіндік бар.
Қызметті онлайн алу үшін сізге сканерленген құқық белгілейтін құжаттар мен ЭЦҚ қажет. IQala порталы барлық монополистердің қызметтерін бір платформада біріктіреді. Бұл жүйенің көмегімен жүздеген қызмет түрлерін алуға болады және бұл тізім әр апта сайын толықтырылып отырады.
Қазіргі таңда iQala Қалалық қызмет көрсету орталығы 3,5 мыңға жуық қызмет түрін көрсетті, оның 50%-ы порталда электронды түрде ұсынылды. Қыс мезгілін есепке алғанда, қала тұрғындары үшін ең белсенді қолданылатын қызмет түрі – «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның ұсынатын қызметтері. Елордалықтар iQala-да аталған монополисттің 961 қызметін алды.
Жыл соңына дейін iQala Қалалық қызмет көрсету орталығы 137 қызмет түрі үшін қол жеткізуді ұсынуға, сондай-ақ, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және қоқыс шығару үшін «бір өтінім – 4 келісім шарт» қағидаты бойынша екінші реттік баспана иелері үшін өзінің алғашқы композиттік қызметін іске асыруға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, iQala Қалалық қызмет көрсету орталығы әр күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Р. Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.