«iQala» қалалық қызметтер орталығының 2020 жылғы қызметінің қорытындысы

«iQala» қалалық қызметтер орталығының 2020 жылғы қызметінің қорытындысы

«iQala» қалалық қызметтер орталығының басшысы Алтынай Асильбаева орталықтың өткен жылғы қызметі, жетістіктері және таяу келешекке арналған жоспарлары туралы айтып берді.

«2020 жылғы Орталық көрсеткен қызметтердің сандық көрсеткіші 18 еседен асып, 69 000-нан астам қызметті құрады. 2020 жылы біз халық арасында үлкен сұранысқа ие қосымша 20 жаңа қызметті іске асырдық, олар:

«Қазақтелеком» АҚ – «Жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін қосу және қайта ресімдеу»;

«Астана-АЭК» АҚ – «Тұтынушының өтінімі бойынша есепке алу жүйесін тексеруге, көрсеткіштерді алуға және есепке алу жүйесін пломбалауға өтінімдер қабылдау»;

«Астанаэнергосбыт» ЖШС – «Заңды тұлғаларға арналған тұрмыстық емес тұтыну үшін жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету бойынша шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша шарт жасасу (оның ішінде ЖК құрмаған жеке тұлғалар)» және «электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы қосымша келісім жасасу (сонымен қатар ЖК құрмаған жеке тұлғалар)»;

«Астана – Теплотранзит» АҚ - 12 қызмет, оның ішінде 8 ақылы қызмет, мысалы, «ойып орнатуға өтінімді ресімдеу», «бекітуші арматураны сынауға өтінімді ресімдеу», «гидравликалық сынақтар (сағымдау)»;

«Астана су арнасы» МКК – «Сумен жабдықтау және кәріз желілерінің жай-күйіне қызмет көрсету шекарасын және жауапкершілікті белгілеуге акт беру» қызметтері», - деп атап өтті Орталық басшысы. iQala-ның мақсаты – қарапайым қала тұрғындарының да, бизнес өкілдерінің де қалалық қызметтерді алу процестерін барынша жеңілдету.

«Ағымдағы жылы біз цифрландырылған қызметтер санын ұлғайтуды және «композиттік қызметтерді» іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар елорда тұрғындарына барынша ыңғайлы болу үшін қаланың әртүрлі аудандарында iQala-ның қосымша бөлімшелерін ашып, орталықтың жұмысын бес күннен алты күнге ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - деп түйіндеді Алтынай Асильбаева.

Орталық ұсынатын қызметтерді Р.Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайындағы фронт-кеңседе немесе www.iqala.kz порталы арқылы алуға болатынын естеріңізге саламыз.

«iQala» қалалық қызметтер орталығы - болашақ осы жерден басталады.

Posted in Iqala порталының жаңалықтары on Jan 19, 2021