IQALA қалалық қызмет көрсету орталығында «Бизнеске арналған үкімет» ашылады

IQALA қалалық қызмет көрсету орталығында «Бизнеске арналған үкімет» ашылады

Бүгін «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мен «Атамекен» ӨКП астанада бизнесті қолдау және дамыту үшін жаңа алаң құру туралы меморандумға қол қойды.

Бұдан басқа, қала әкімінің ұсынысы бойынша ӨКП аумағында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері бойынша құзырлы органдардың өкілдерімен жеке кездесулері тұрақты түрде өтетін болады.

Сондай-ақ, Алтай Көлгінов әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Бұл шешімнің барлығы Қалалық кәсіпкерлер палатасында өткен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында қабылданды.

Оған Кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қала әкімі өз сөзінде астана экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлін атап өтіп, бизнесті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын жүзеге асырудың қорытындысын айтты. Кездесуде сондай-ақ жүйелі шешуді талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер, сонымен қатар кәсіпкерлікті одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар айқындалды. Астаналық туризмді, қоғамдық көлікті, логистиканы, сәулет және жер қатынастарын, коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері талқыланды.

Posted in Жаңалықтар on Sep 05, 2019