Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында, инвестициялық жобаларды қарау және іске асыру қағидаларына сәйкес, «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы келесі мекенжайда орналасқан «Кіші өнеркәсіптік аймақ салу» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша конкурс жариялайды:
Байқоңыр ауданы, А196 және №93 көшелерінің қиылысы (жобалық атауы), кадастрлық нөмірі: 21-324-062-2004, аумағы: 1,1191 га, мақсатты тағайындалуы – жерге көмілген контейнерлерді жинауға арналған нысан салу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 10 күн ішінде 2026 жылғы 12.02 қоса алғанда қабылданады.
Бағалау критерийлері туралы толығырақ – осында.
Өтініш берушілерге арналған қосымшалар (өтініш, жоба бастамашысының сауалнамасы, сондай-ақ бизнес-жобаларды сараптауға қажетті бастамашы тарапынан ұсынылатын құжаттар тізбесі) қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған.
Сұрақтар туындаған жағдайда: тел.: 8-717-223-53-35