ИНВЕСТКОНКУРС: «КОММЕРЦИЯЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕРІ БАР ПАРКИНГ САЛУ» (ЖҮРГЕНОВ КӨШЕСІ, №28 ҮЙДІҢ МАҢЫ)

ИНВЕСТКОНКУРС: «КОММЕРЦИЯЛЫҚ МАҚСАТТАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕРІ БАР ПАРКИНГ САЛУ» (ЖҮРГЕНОВ КӨШЕСІ, №28 ҮЙДІҢ МАҢЫ)

Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Жүргенов көшесі, №28 үйдің маңында орналасқан, кадастрлық нөмірі 21:342:089:1269, ауданы 0,2924 га, жер пайдалану мерзімі 2030 жылғы 14 шілдеге дейін белгіленген, нысаналы мақсаты коммерциялық мақсаттағы объектілері бар паркинг салу болып табылатын жер учаскесіне қатысты «Коммерциялық мақсаттағы объектілері бар паркинг салу» инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру бойынша конкурс жарияланды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 19 қазаннан 28 қазанға дейін (қоса алғанда), ұзақтығы 10 (он) күнтізбелік күн.

Конкурс жеңімпазын айқындау және Жобаны іріктеу критерийлері осында.

Өтініш, жоба бастамашысының сауалнамасы, сондай-ақ бизнес-жобаларға сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі қазақ және орыс тілдеріндегі сілтемелер бойынша орналастырылған.

Жалдау шарты осында.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8-717-223-53-35.

Posted in Жаңалықтар on Oct 19, 2026