«Astana» ӘКК» АҚ Астана қаласы, Сарайшық ауданы, Бөлекпаев көшесі, № 11 учаске мекенжайында орналасқан, кадастрлық нөмірі 21:342:090:967, ауданы 0,3200 га, жер пайдалану мерзімі 2030 жылғы 14 шілдеге дейін белгіленген, нысаналы мақсаты коммерциялық мақсаттағы объектілері бар паркинг салу болып табылатын жер учаскесіне қатысты «Коммерциялық мақсаттағы объектілері бар паркинг салу» инвестициялық жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 19 қазаннан 28 қазанға дейін (қоса алғанда), ұзақтығы 10 (он) күнтізбелік күн.
Конкурс жеңімпазын анықтау және Жобаны іріктеу критерийлері осында.
Өтінім, жоба бастамашысының сауалнамасы, сондай-ақ бизнес-жобаларға сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесі қазақ және орыс тілдеріндегі сілтемелер бойынша орналастырылған.
Жер учаскесін бөлу схемасы осында.
Жалдау шарты осында.
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8-717-223-53-35.