Онлайн-аукционға «Inju City», «Absolute» және «Айсафи» тұрғын үй кешендерінде орналасқан автотұрақ орындары қойылды. Лоттардың толық тізімімен, олардың сипаттамаларымен және бастапқы бағаларымен мына жерден танысуға болады.
Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында (www.gosreestr ) 2025 жылғы 30 тамыз сағат 08:00-ден бастап 17 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 10:00-де өтеді, әдісі – бағаны көтеру саудасы, төлем – 100%.
«Astana» ӘКК» АҚ-ның конкурс өткізу және өтінім беру мәселелері бойынша байланыс деректері: Телефон: 8 (7172) 55-25-05, 8-702-244-33-75. Мекенжай: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 үй, 2-қабат, 241-кабинет. Электронды пошта: info@astana-spk.kz.