«ФУТБОЛ АЛАҢЫН САЛУ» ИНВЕСТЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ БОЙЫНША КОНКУРС

«ФУТБОЛ АЛАҢЫН САЛУ» ИНВЕСТЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ БОЙЫНША КОНКУРС

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Футбол алаңын салу» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша конкурс жариялайды. 2025 жылғы 13 маусымға дейін өтінім беріп, отандық спортты дамытуға өз үлесіңізді қосыңыз.

Орналасуы Астана қаласы, Нұра ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Е375 көшесінің қиылысы (жобалық атауы)

Кадастрлық нөмірі 21-320-148-417

Ауданы 0,6486 га

Өтінім тапсыруға қажетті құжаттар тізімі

  • Жобаны қарауға арналған Жоба бастамашысының өтінімі (1-қосымша)

  • Жоба бастамашысының сауалнамасы (2-қосымша)

  • Жобаны іске асыру үшін қажет немесе ұсынылатын жер учаскесінің сызбасы

  • Жобаны талдау үшін қажетті құжаттар тізімі (3-қосымша)

  • Бизнес-жоспар

  • Эскиздік жоба

  • Қаржы құралдарының бар екенін растайтын құжаттар (міндеттемесіз мүлік туралы анықтама, ашық несие желісі және төлем қабілеттілігін растайтын өзге де құжаттар)

  • Жоба бастамашысының Жарғылық капиталдағы үлесін (немесе бас компанияның) өтінім берілген сәттен бастап Қоғаммен құрылтай шартын не бірлескен қызмет туралы шарт жасасуға дейінгі кезеңде иеліктен шығармау туралы жазбаша міндеттемесі

Барлық қосымшалар «ASTANA» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫНДА көрсетілген. Қағидалар Қоғамның ресми сайтында «Инвесторларға» – «Ынтымақтастық серіктестерге» – «Қағидалар» бөлімінде қолжетімді.

Қайда жолдау керек

Өтінімдер мен құжаттардың толық пакетін info@astana-spk.kz электрондық поштасына жіберуге немесе қағаз түрінде Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 9-үй, 2-қабат, 237-кабинетке тапсыру қажет.

Анықтама телефоны

+7 (7172) 55 29 55

Маңызды! Бас жеңімпазды анықтау кезінде негізгі өлшемшарттар:

  1. Жобаның экономикалық тиімділігі;
  2. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
  3. Жаңа жұмыс орындарын құру;
  4. Жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыру;
  5. Жобалардың Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына және Қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкестігі;

Қосымша өлшемшарттар:

  1. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту;
  2. Жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;
  3. Ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өнімнің жаңа түрлерін шығару жөніндегі өндірістерді құру;
  4. Қала экономикасын технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуетті перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу және қолда бар технологияларды жетілдіру;
  5. Әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  6. Концессия және кластерлік бастама негізінде өндірістер құру;
  7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістер құру;
  8. Мемлекеттік бағдарламаларды орындалуы;

Ескерту: Инвестициялық жобаларды бағалау кезiндегi басым өлшем экономикалық тиiмдiлiк болып табылады, өйткенi бұл көрсеткiш жобаның iс жүзiндегi, қаржылық тұрақтылығы мен масштабтау әлеуетiн көрсетедi. Өндірістердің әлеуметтік маңыздылығы мен оларды жаңғырту өлшемдері де назарға алынады, алайда олар қосалқы сипатқа ие. Жұмыс орындарын құру өлшемі қосымша ретінде бағаланады және қорытынды шешім қабылдау кезінде айқындаушы болып табылмайды.

Posted in Жаңалықтар on May 30, 2025