Корпорация веб-порталда мемлекеттік мүлік тізілімінде электронды аукцион арқылы бағаны көтеру әдісімен саудаға шығарылған коттеджді сату бойынша өтінімдер қабылданатынын хабарлайды. Нысан Есіл ауданы, Е914 көше, 3-үй мекенжайында орналасқан. Объектінің ауданы – 333,9 шаршы метр. Қарапайым (черновой) әрлеуде ұсынылған. Бастапқы құны – 287 339 188 теңге.
Аукционға қатысуға өтінімдер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында www.gosreestr 2025 жылғы 8 тамыз сағат 08:00-ден бастап 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін қабылданады. Аукцион 2025 жылғы 26 тамызда сағат 10:00-де өтеді.
Коттедж үшінші кезеңге шықты. Аукцион бағаны көтеру әдісімен, бастапқы жарна енгізілгеннен кейін қалған сомаға 5 (бес) жылға дейін бөліп төлеу шартымен, кейінге қалдырылған төлемдерге дисконттау әдісін (NPV) қолдана отырып жүргізіледі. Бастапқы жарна мөлшері актив құнының кемінде 60% (алпыс пайызын) құрауы тиіс. Жеңімпаз активтің ең жоғары бағасын ұсынған қатысушы болып танылады.