Егер сіздің Корпорациямен өзара іс-қимылыңыз барысында шағым немесе наразылығыңыз болса, енді оны арнайы WhatsApp нөміріне +7 776 059 10 06 жазу арқылы жолдай аласыз. Сіздің өтінішіңіз жедел тәртіппен қаралатын болады.
Хабарламада келесі мәліметтер болуы тиіс:
- Аты-жөніңіз толық
- Кері байланыс үшін телефон нөміріңіз
- Шағымның толық мазмұны
Қажет болған жағдайда растаушы скриндер немесе құжаттар тіркеуге болады. Өтініштер бір тәулік ішінде қаралады, сол уақыт аралығында жауап беріледі. Қабылдау уақыты: дүйсенбі–жұма күндері, сағат 8:30–18:00 аралығында.
Ескерту: Корпорация үшін кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен ашық диалог орнату өте маңызды. Бұл — біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Біз өзара тиімді әрі жайлы қарым-қатынас орнатуға мүдделіміз.