Елорданың тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді ынтымақтастық орнатуға шақырады

Елорданың тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді ынтымақтастық орнатуға шақырады

«Astana» ӘКК» АҚ жанындағы тұрақтандыру қоры кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру бойынша ынтымақтастық орнатуға шақырады.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры ӘМАТ бағасын ұстап тұру үшін «айналым тетігі» бойынша жеңілдікті қарыздар береді. Мұндай кредиттердің сыйақы мөлшерлемесі – 0,01%. Бұл елдегі несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің ең төменгі көрсеткіші. Қарыз өз кезегінде ұзарту мүмкіндігімен 12 айға беріледі. Қарыз сомасы кәсіпкерлік субъектінің өтініміне сәйкес айқындалады. Жеңілдікті қарызды ірі бизнес, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері ала алады.

Жеңілдетілген заем алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына мынадай құжаттар тапсыру қажет: 1) қарыз сомасы көрсетілген, сондай-ақ шығындар бойынша қажетті есептер көрсетілген өтінім, ұсынылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, қарызды қайтару мерзімдері; 2) кредиторлық және дебиторлық берешекті, негізгі құралдар тізбесін ашып көрсете отырып, өткен және/немесе ағымдағы қаржы жылы үшін қаржылық есеп (осы тармақты келісті); 3) кәсіпкерлік субъектісі Жарғысының нотариалды куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса беру қажет; 4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 5) бірінші басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін); 6) бірінші басшыны қоспағанда, өтінімге қол қою құқығына мүдделілікті білдіретін сенімхат; 7) қолда бар кредиттер және кредиттік тарихы туралы ақпарат; салық берешегінің және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы ақпарат қамтылуы тиіс.

Берілген өтінімдер негізінде шешімді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы комиссия шығарады. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 11.

Телефоны: 8 7172 55 24 43.

Posted in Жаңалықтар on Jan 30, 2022