Елорданың тұрақтандыру қоры бір жыл ішінде 11 несие берді

Елорданың тұрақтандыру қоры бір жыл ішінде 11 несие берді

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін 11 несие берді. Бұл туралы елордалық ӘКК-нің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыздыру департаментінің директоры Ризагүл Муслимова онлайн брифингте айтты деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандырудың екі тетігі бар: өнімді сатып алу және оларды қоймаларда сақтау арқылы тұрақтандыру қорын қалыптастыру; белгіленген бағамен бағаны тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер беру. 2020 жылы екінші механизм шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін барлығы 11 несие берілді», - деді Ризагүл Мүслимова.

Департамент директорының айтуынша, несие алуға және бағаны тұрақтандыруға қаланың ірі сауда орындары қатысқан. Олардың ішінде: «Магнум» сауда-бөлшек сауда желісі, «Мир Круп» көтерме компаниясы, «Туркуаз» дистрибьюторлық компаниясы, картоп өсірушілер одағынан шыққан «АА Агро», «Ақмол » дүкендер желісі.

«Бүгінгі күні тауарларды белгіленген бағамен берілген несиелер шеңберінде сату «Магнум», «Астықжан», «Кенмарт», «Вкусмарт», «Акмол» СҮ, «Анвар», «Аян», «Шапағат» базарында жүзеге асырылады.

Азық-түлікті сату бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның қойған бағаларымен ғана жүзеге асырылады. Сүт және ет өнімдеріне бағаны тұрақтандыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Осы желілердің барлығы осы бағдарламаға қатысуға мүдделі және өзінің тиімділігін көрсетуде», - деп түсіндірді спикер.

Еске салайық, «Astana» ӘКК» АҚ - бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйым.

Қайнар-көзі: https://astana.gov.kz/ru/news/news/26845

Posted in Жаңалықтар on Apr 13, 2021