Елорданың шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы туралы

Елорданың шағын және орта бизнесті қолдауға арналған «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы туралы

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде "1000 орын - көше саудасы" шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі елордалық бағдарлама туралы" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

_96A5787.jpg

МАҚСАТ ЖАҢАБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өздеріңіз білетіндей, сауда саласы қала экономикасында маңызды үлеске ие. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемі 9,5%-ға ұлғайып, 9,6 трлн теңгені құрады. Қазіргі форматта сауданы дамыту үшін әкімдік бірқатар жүйелі шаралар қабылдауда.

Бірінші. Микро бизнесті дамыту үшін заманауи архитектуралық форматта көше саудасының механизмі белсенді қолданылады. Бағдарламаның операторы Астана ӘКК АҚ болып табылады. Бүгінгі таңда осы бағдарлама аясында 1 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 1 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды.

Екінші. Сауда инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 180 млрд.теңгеден астам сомаға 10 жоба (СО, қойма кешендері, көкөніс қоймалары) іске асырылуда.

Үшінші. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін базарларды монополиясыздандыру бойынша құрылыс жүргізілуде Сарыарқа ауданында орналасқан 10 млрд. теңге жеке инвестиция сомасына 2 заманауи нарық. Пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған.

_96A5784.jpg

ДІЛМҰРАТ ИМИНОВ,"ASTANA" ӘКК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Астана қаласында көше саудасы үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру бағдарламасы 2016 жылы қабылданды.

Бағдарламаның негізгі тиімділігі - шағын кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, заңсыз стихиялық сауданы жою; стационарлық емес сауда объектілерін елорданың дизайн-кодының талаптарына сәйкестендіру. Бағдарламаны жүзеге асыру 2017 жылдың наурыз айында басталды. «Astana» ӘКК» АҚ оператор болып анықталды.

Бүкіл кезеңде 875 жер учаскесі қосалқы жалға берілді. (2017 жылы – 438 учаске; 2018 жылы – 178 учаске; 2019 жылы – 116 учаске; 2020 жылы – 67 учаске; 2021 жылы – 32 учаске; 2023 жылы – 44 учаске). Бүгінгі күні жалпы ауданы 4 996 ш.м. 329 жер учаскесі бойынша қосалқы жалдау шарттары жасалды, оның 24 шарт - халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлермен.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу мақсатында Қоғам gosreestr.kz веб-порталында электронды түрде жер телімдерін қосалқы жалға беру бойынша сауда өткізеді.

Статистикалық мәліметтерді және өтініштің қаралу мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін, I-Qala платформасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жер телімін беруге өтініштерді электронды түрде қабылдау қызметі енгізілді.

Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Жер кодексіне жер учаскелеріне құқық берудің жаңа электрондық тәртібін реттейтін өзгерістер күшіне енгенін атап өткім келеді.

Осылайша, жаңа тәртіпке сәйкес жер телімдерін берудің келесідей рәсімдері жеңілдетілді:

  • құжаттарды цифрлық форматқа аудару арқылы қарау және бекіту мерзімі қысқартылды;
  • жер комиссиясының институты алынып тасталды;
  • өтініштер әкімдіктерге бармай-ақ онлайн форматта қабылданады және өңделеді, яғни өтінімді «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастры» веб-порталы (БМЖК) арқылы беруге болады. Қазіргі таңда аталған өнімнің іске қосылуы күтілуде.

БМЖК веб-порталын іске қосқан кезде мерзімдерді 1 айға дейін қысқарту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге жер телімдерін беру 2 жолмен жүзеге асырылады:

  1. gosreestr.kz веб-порталында электронды сауда арқылы;
  2. Егер кәсіпкер ХӘОТ (Халықтың әлеуметтік осал топтары) санатына жататын болса, қосалқы жалдау шарттарын тікелей жасасу арқылы.

Бүгінде қала келбетін елорданың дизайн-кодына сәйкестендіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Біз де осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, қаланың қалатану орталығымен бірлесе отырып, стационарлық емес сауда павильондарының эскиздік нұсқаларын әзірлеудеміз.

Сонымен қатар, қалада Бағдарлама аясынан тыс жұмыс істеп тұрған павильондар бар екенін айта кеткен жөн (стихиялық сауда). Осындай павильондармен жұмыс жасау үшін қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың мамыр айында жер учаскелерін өз бетінше басып алу және оларда заңсыз сауданы ұйымдастыру фактілерін анықтау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Ведомствоаралық комиссия жұмысының басынан бастап жүзден астам заңсыз орнатылған объектілері алынып тасталды.

Posted in Жаңалықтар on Apr 26, 2024