Елорданың үй жанындағы дүкендерінде әлеуметтік нан сатыла бастады

Елорданың үй жанындағы дүкендерінде әлеуметтік нан сатыла бастады

Үйдің жанындағы бірқатар дүкендерге "әлеуметтік нан" - 1-сұрыпты ұннан жасалған пішінді нан жеткізіле бастады. Нанның бағасы - 90 тг. Нарықтан төмен баға қала әкімдігі мен "Astana" ӘКК" АҚ беретін жеңілдікті қарыздардың арқасында ұсталып отыр.

"Тұрғындардың көптеген өтініштерінен кейін әлеуметтік нанды тек ірі желілерге ғана емес, сонымен қатар жергілікті дүкендерге де жеткізе бастады. Бүгінгі таңда мұндай нан 40 мекен-жайда қол жетімді. Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сұраныс жоғары аудандарда орналасқан дүкендерді қамтуға тырыстық",-деді "Astana" ӘКК" АҚ баспасөз қызметі.

Дүкендер тізімі жаңартылатынын айта кетейік. Толықтырылған және өзгертілген тізімдер "Astana" ӘКК" АҚ әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда жарияланатын болады.

Posted in Жаңалықтар on May 05, 2022