Елорда тұрғындарына «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның сегіз жаңа қызметі iQala қалалық қызметтер орталығында қолжетімді, олар: жеке және заңды тұлғалар үшін ойып орнатуға, жылу желісін істен ажыратуға, қосуға, бекітуші арматураны сынауға және гидравликалық сынақтарға (сағымдауға) өтінімді ресімдеу. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, ЭЦҚ көмегімен бұл қызметтерді www.iqala.kz порталында, сондай-ақ iQala орталығының фронт-кеңсесінде алуға болады.
Бүгінгі күні порталда 151 қызмет түрі ұсынылады, оның 44-і - «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның қызметтері. 2020 жылғы сәуірде, Сovid-19 коронавирустық пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде, iqala.kz порталына 2 қызмет іске асырылды:
1) Блок пост. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүк көліктері үшін жасыл дәлізден өтуге өтінім; 2) ШОБ. Шағын және орта бизнестің рұқсат етілген қызмет түрлері үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүріп-тұруға өтінім.
2020 жылы 20 жаңа қызмет цифрландырылып, порталға шығарылды. IQala орталығы ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 69 202 қызмет көрсетілді.
Қалалық қызмет көрсету орталығының Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайы бойынша орналасқан фронт-кеңсесі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін келушілер үшін ашық екенін еске саламыз. Елорда тұрғындары Орталықтың жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша 109 iKOMEK бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы хабарласа алады.