Елордалық тұрақтандыру қоры дүкендерде кезекті тексеру жүргізді

Елордалық тұрақтандыру қоры дүкендерде кезекті тексеру жүргізді

7 қыркүйекте «Astana» ӘКК» АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті мен «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ жеңілдікті қарыздар бойынша тауарларды сататын Aqmol және Magnum дүкендеріне барды.

001ru.jpg

Magnum супермаркеттерінің желілерінде тұрақтандыру қоры 15 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұр. Ол бакалея, жарма, ет, сүт өнімдері. 2021 жылғы желтоқсаннан бастап желі ӘМАТ тізімінің барлық 19 атауын қамтып, көкөністердің бағасын ұстауды жоспарлап отыр.

002ru.png

«Aqmol» супермаркеттерінде тұрақтандыру қорының бағасымен: сүт, жұмыртқа, айран, 1-сұрыпты ұн, сүзбе, тауық еті, сары май, рожки, күнбағыс майы және күріш сатылады. Желінің әр сауда нүктесінде бағасы тұрақтандырылған өнімдерді сары баға белгілері мен қасына ілінген баннерден табу оңай. «Aqmol»-да жеңілдікті қарыздар бойынша сатылатын тұрақтандыру қорының барлық тауарлары - отандық өнім.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қоры «Хлебный край» ЖК мен «Табыс» СЛО-да болды.

003ru.png

«Хлебный край» наубайханасы делдалсыз жұмыс істейді және 1-ші сұрыпты ұннан жасалған нанды Магнум дүкендерінің сөрелеріне және үйдің жанындағы 33 дүкенге тікелей жеткізеді. Мұндай нанның бағасы - 85 тг.

004ru.png

Талапкер ауылында орналасқан «Табыс» СЛО 2022 жылғы маусымаралық кезенде – мамыр, маусым және шілде айларында – 1200 тонна картоп пен 300 тонна сәбіз бағасын ұстап тұру үшін қарыз алады. Бүгінде логистикалық орталыққа өнім салынуда. Көкөністер Agrovent желдету жүйесімен жабдықталған арнайы ангарларда сақталады. Қазақстанда өндірілетін жүйе қоймада қажетті температура мен ылғалдылықты сақтауға көмектеседі.

Posted in Жаңалықтар on Sep 08, 2021