Елордада жыл бойы ұйымдастырылатын жәрмеңкеде кәсіпкерлерге орын тегін беріліп жатыр

Елордада жыл бойы ұйымдастырылатын жәрмеңкеде кәсіпкерлерге орын тегін беріліп жатыр

«Astana» ӘКК» АҚ азық-түлік тауарларының барлық түрлерін сату үшін кәсіпкерлерге тегін сауда орындарын ұсынады. Орындар кәсіпкерлерге, фермерлерге, ауыл шаруашылықтарына алғашқы жыл бойғы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде беріледі. ⠀

Наурыз айының соңына дейін жалға алу тегін, содан кейін жеңілдетілген тариф қолданылады деп жоспарланып отыр. Жеңілдікті тарифтен түсетін пайда тек коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалады. ⠀

Сауда орындарын алу үшін +7 747 810 3507 нөміріне қоңырау шалу қажет. ⠀

Жәрмеңкенің мекен-жайы: Есіл ауданы, «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109. ⠀

Айта кетейік, 7000 шаршы метрлік жәрмеңкеде 150 кәсіпкер коммерциялық қызмет жүргізе алады. Қазір жәрмеңкеге көрші облыстардың ауыл шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпкерлерінің өнімдері қойылады. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға төмендетілген. Жәрменке күн сайын сағат 10:00-нан 19:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Posted in Жаңалықтар on Jan 28, 2022