Seedspace Nur-Sultan алаңында Seedspace экожүйесінің қатысушылары Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабекке, сондай-ақ «Астана Innovations» АҚ компаниясына өз стартаптарын ұсынды.
Елорданың зияткерлік әлеуеті маңызды стратегиялық ресурс ретінде қарастырылады. Оның экономикалық тиімділігі көбінесе тауар айналымынан түсетін кірістен де асып түседі. Сондықтан, ең перспективалы стартаптар өз жобаларын қала аясында, сондай-ақ әкімдіктің қолдауымен сынап көруге мүмкіндік алады.
Олардың арасында:
● Infinte Bilim —STEM (Science, Technology, Engineering, math) бойынша қазақ тіліндегі білім онлайн-платформасы. Платформа теориялық және практикалық бөлімді жаңа форматта оқып, үлгеріміңізді бақылап, әр сабақтан кейін кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
● Okoo — бағдарламалауды оқытуды даралауға арналған жасанды интеллект алгоритмдері бар онлайн білім беру платформасы. Әр түрлі бағдарламалау тілдерін үйрете алатын және әлемнің кез келген нүктесінде тәулік бойына әр оқушыға жеке көзқарасқа кепілдік бере алатын виртуалды мұғалімі бар платформа.
● Qmobot — мектептер мен университеттерге студенттерге робототехника, веб-әзірлемелер, ақылды үй және интернет заттары туралы білім беруге мүмкіндік беретін, қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын курстары бар «Барлығы енгізілген» принципі бойынша пайдалануға дайын білім роботы болып табылады.
● InFlux — инновациялық қалпына келтіргіштерді (ауа желдеткіштері) өндіру. Құрылғы бөлменің қабырғасына орнатылып, көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылаған сайын, ол бөлменің ауасын 60 секундқа шығарып алады, содан кейін бөлме ішіне сыртқы ауаның енуін қамтамасыз етеді. Ауа сүзгіден және бактерицидті тазартудан өтеді. Осылайша, құрылғы циклдік жұмыс принципін орындайды. Бар болғаны бірнеше ватт электр қуатын тұтынады.
● EGISTIC — ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауылшаруашылық кеңесшілеріне арналған шаруашылықты басқару жүйесі. Спутниктен алынған фермерлік шаруашылықтың ауа-райы және индекстер бойынша геодеректеріне сәйкес Сіз, егістіктің жай-күйін талдап, түсімді болжай аласыз, сондай-ақ скаутинг жүргізіп тиімді шешімдер қабылдай аласыз.
«Нұр-Сұлтан» қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы» ММ басшысы Ботагөз Қасабек атап өткендей: «Шынында да стартаптар инновацияның қозғаушысы болып табылады. Біздің алдымызда экожүйені өсіру және жас, белсенді адамдарға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесу міндеті тұр. Тек ойдың өзі бүкіл бизнесті құра алатындығын көрсету».
Seedstars халықаралық экожүйесінің бір бөлігі болуды және инвесторлардың, тәлімгерлер мен мамандардың кең серіктестік желісіне қол жеткізгісі келетіндердің барлығына Сауран көшесі, 46 (Хилтон қонақ үйінің ғимараты) мекенжайы бойынша орналасқан Seedspace Nur-Sultan кеңсесіне хабарласуды немесе aigerim@seedstars.com, kurmanbayev.d@ain.kz поштасына жазуды сұраймыз.
«Астана Innovations» АҚ қала билігінің, ғылыми және бизнес қауымдастықтың күш-жігерін біріктіретін, инновациялық экожүйенің интеграторы болып табылатын «Astana» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы. Оның қызметінің негізгі бағыттары – «Smart Астана» тұжырымдамасы мен «Қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру екенін естеріңізге сала кетеміз.