Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының тұрақтануын бақылау үшін аптасына бірнеше рет супермаркеттер мен дүкендерде баға мониторингі жүргізіледі.
«Astana» ӘКК» АҚ жанындағы тұрақтандыру қорының қызметкерлері күн сайын «айналым тетігі» бойынша ӘМАТ бағасын тұрақтандыру міндеттемесін алған ірі супермаркеттерді тексереді.
Айта кету керек, «Astana» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан жеңілдетілген несие алған дүкендер мен супермаркеттерге ғана мониторинг жүргізеді. Үй жанындағы және басқа дүкендердегі бағаларды қала әкімдігі мен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексереді.