Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық және энергетикалық кәсіпорындар қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және энергетиктердің кәсіби мерекесіне арналды.
Бұл спорттық шараға 10 елордалық ұйымның командалары қатысты. Олар «Astana» ӘКК» АҚ, «Астана-АЭК» АҚ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана Энергия» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКҰ, «Астана - ЕРЦ» ЖШС, «Астанинская ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС қызметкерлері.
Жарыс «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның арнайы жабдықталған залында спорттың 7 түрі: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы және бильярд бойынша өтті.
Турнирде футбол бойынша «Астана Тазалық» ЖШС және «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС қызметкерлері ойнаған команда ең үздік болып танылды. «Астана Энергия» АҚ командасы волейболдан және үстел теннисінен бірінші орындарды иеленді. Жарыста тоғыз құмалақ ұлттық спорт түрінен «Астана-Теплотранзит» АҚ командасына бірінші орын берілді. Шахматтан «Астана Су Арнасы» МКҰ қызметкерлері бас жүлдегер атанды. «Астана-АЭК» АҚ командасы бильярд бойынша спартакиаданың алтын кубогын жеңіп алды. «Астана Энергия» АҚ дойбы және жалпы командалық есепте бірден екі үздік атаққа ие болды. Спартакиаданы ұйымдастырушы – «Astana» ӘКК» АҚ және «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің еңбегі ерекше атап өтілді.
Жүлдегерлерді марапаттау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов пен қатысушы кәсіпорын басшыларының қатысуымен өтті.
Ермек Қизатов спартакиаданың жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын құттықтады. Ол өз сөзінде астаналық ұйымдардың ұжымдарына салауатты өмір салтын ұстанғаны және белсенділік танытқаны үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ командалық рухты нығайту үшін осындай іс-шараларды өткізудің және қаланың дамуы үшін бірлескен жұмыста үздік нәтижелерге қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.