2021 жылдың басынан бастап iQala орталығы елорданың коммуналдық секторының 140 мың қызмет көрсетті. Оның ішінде 35 мың өтініш www.iqala.kz порталы арқылы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
iQala қалалық қызметтер орталығы Нұр-Сұлтан қаласының 10 коммуналдық сервистердің 152 қызметін біріктіреді. Егер бұрын жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін коммуналдық қызметтермен шарттарды ресімдеу процесі бір ай уақытты алса, енді iQala порталы арқылы өтінімдер жарты сағатта беріледі.
ТКШ саласын цифрландырудың арқасында тұрғындарға шарт жасасу немесе басқа да коммуналдық қызметтерді алу үшін әрбір сервиске барудың қажеті жоқ. Жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін шарттарды ресімдеуге өтінімді мекенжай жолына www.iqala.kz/енгізіп, үйден шықпай беруге болады.
«Онлайн өтінім беру тұтынушылардың уақытын айтарлықтай үнемдейді. Мысалы, пәтер сатып алғаннан кейін ТКШ қызметтерімен келісім-шарт жасасу процестері жеңілдетілді және жеделдетілді. Бүгінде өтінімдерді онлайн рәсімдеу танымалдылығының артқаны байқалады. Мысалы, 2021 жылы сұраныстардың 25% портал арқылы берілді. Бұл ондағы жұмыстың ыңғайлылығын көрсеткіші. Сонымен қатар, портал арқылы өтінімді тәулік бойы және аптаның кез келген күні беруге болады», - деп хабарлады iQala қалалық қызметтер орталығының супервайзері Қуаныш Байзақов.
Өтінімдерді онлайн рәсімдеу өте оңай және 30 минут уақытты алады. Өтінім беру үшін порталда ЭСҚ арқылы авторлану жеткілікті. Қызметтерді өңдеу мерзімі реттелген. Шарттар дайын болғаннан кейін тұтынушының мобильді нөміріне SMS-хабарлама келеді.
iQala-ның р.Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан фронт-офисі де бар. Фронт-офис «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, орталықтың бір операторына жүгініп, тұтынушы барлық қажетті қызметтерді ала алады деген сөз. Орталық жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Барлық қызметтер тегін.
Бүгінде Қазақтелеком, Clean City NC, Астанаэнергосбыт, Elorda Eco System, SPK Development, Астана-АЭК, Астана Теплотранзит, Астана БЕО, Астана Су Арнасы қызметтері цифрландырылған. Орталық елорданың басқада коммуналдық сервистерінің қызметтерін цифрландыруды жоспарлап отыр.