Елордада картоп бағасының тұрақтануы басталды

Елордада картоп бағасының тұрақтануы басталды

2021 жылдың қараша айынан бастап елордада картоп бағасының тұрақтандыру кезеңі басталды.

Елордалық тұрақтандыру қоры 15 000 тонна көкөніс: картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бағасын тұрақтандыру үшін "айналым механизмі" бойынша қарыз берді. Жасалған шарттар бойынша "Астықжан", "Aqmol", "Анвар", "Вкусмарт" дүкендерінің желілерінде картоп 95 тг/кг сатылады, Сарыарқа 31 мекенжайы бойынша орналасқан "Аян" сауда желісінде картоп 94 тг/кг, сәбіз 88 тг/кг сатылады.

2020-2021 жылдары тұрақтандыру қоры 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 22 жеңілдікті қарыз берді. 4 қарыз шарты бойынша көкөніс бағасын тұрақтандыру жоспарлануда. Берілген 2 жеңілдетілген қарыз қысқы және көктемгі кезеңдерде бағаларды тұрақтандыруға көмектеседі, тағы бір қарыз "маусымаралық" кезеңде - мамыр, маусым, шілде айларында көкөніс бағаларын тұрақтандырады. Бүгінгі таңда біз азық — түлік көлемін ұлғайту және бағаны тұрақтандыру мерзімен ұзарту үшін кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді "Astana" ӘКК" АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Абдель Балтатегі.

Айта кетейік, желтоқсан айында Magnum супермаркеттерінің желілерінде картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз бағасының тұрақтануы басталады. Супермаркетте 5 ай ішінде – 2022 жылдың сәуіріне дейін 8000 тонна көкөніс бағасы тұрақтанады. Сондай-ақ, желтоқсан айында "Астықжан", "Aqmol", "Анвар", "Вкусмарт" сауда желілерінде тұрақтандырылған бағалармен сәбіз, пияз және қырыққабат пайда болады.

Posted in Жаңалықтар on Nov 08, 2021