Елордада «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтті

Елордада «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтті

Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні қарсаңында «Astana» ӘКК» АҚ қызметкерлері елордада кәсіпкерлікті дамытуға арналған ең танымал бағдарламалардың бірі – «1000 орын. Көше саудасы» бойынша онға тарта кеңес беру, сондай-ақ әлеуметтік және коммерциялық жобалар үшін тұрғын емес үй-жайларды жалдау мәселелері бойынша кеңес беру жүргізді. Қызметкерлер 14 адамның сұрақтарын ерекше бақылауға алды.

Бұл күні әкімдікке 700-ге жуық адам өтініш білдірді. Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй бағдарламаларына, мектепке дейінгі білім беруге және жұмысқа орналасуға қатысты болды.
Сондай-ақ қабылдауға жазылғандар арнайы әлеуметтік көмек алу, үлестік құрылыс мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Астананың әрбір тұрғынының мәселесі жұмысқа алынды. Соңғы 4 ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов 600-ге жуық адамды қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді.

Азаматтарды қабылдау жүйелі түрде open akimat аудан әкімдіктерінде, қалалық әкімдікте өтеді, iQala Қалалық қызметтер орталығының алаңында қала әкімі кәсіпкерлерді қабылдайды.

Posted in Жаңалықтар on Jan 10, 2020