Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры ӘМАТ-тың 19 атауының бағасын тұрақтандыруға 15 қарыз берді. Жеңілдікті қарыздар бойынша 35 мың тонна өнімге бағаны тұрақтандыруға келісімшарт жасалды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрақтандыру қоры 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен «айналым тетігі» бойынша жеңілдікті қарыздар береді. Жеңілдікті несие беру механизмі қоймаларда азық-түлік сатып алу және сақтау механизмінен тиімдірек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Astana» ӘКК» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бизнесті ӘМАТ бағасын ұстап тұруға тарту тұрақтандырылған өнім көлемін және сату нүктелерінің санын арттыруға көмектеседі. Қысқа мерзімге және сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты қоймада ет пен сүт өнімдерін сақтау оңай болған жоқ, сондықтан біз азық-түлік, көкөністер мен жармаларды сақтадық. Бұл тек 10 атау. Сонымен қатар, сатып алу тетігі кезінде тұрақтандыру қорынан өнімдер нарыққа бағаның күрт өсуі кезеңінде және маусымаралық кезеңде ғана шығарылды. Бүгін бағалар жыл бойы тұрақтанады», - деді Жасұлан Мұқашев, «Astana» ӘКК» АҚ Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры.
«Айналым механизмі» бойынша бөлінген қаражат бағаның күрт көтерілуіне және азық-түлік тапшылығына жол бермеуге көмектеседі. Елордада тұрақты бағалары бар өнімдер 400 сауда нүктесінде сатылады. Олардың арасында Магнум, Астықжан, Вкусмарт, Ақмол, Анвар және т.б. ірі желілер, сондай-ақ үй жанындағы шағын дүкендерде бар. Қазір елордада ӘМАТ-тың барлық атауының құны тежеліп отыр. Шарттар бойынша кәсіпкерлер белгілеген бағалар нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен.
Айта кету керек, тұрақтандырылған бағалар мен сату нүктелері туралы барлық ақпарат www.astana-spk.kz сайтында ұсынылған. Жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша қайтарымды қаражат алу үшін кәсіпкерлерге «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ жүгінуі қажет.